Паркен (стадион)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
«Паркен» стадионы

«Паркен» (дат. Parken) — Данияның Копенгаген қаласында орналасқан футбол стадионы.

Стадионның құрылысы 1990 жылдан 1992 жылға дейін жалғасты. Болжалды сыйымдылығы 38 076 көрерменді құрайды. Спорт аренасы 1990 жылы қиратылған Идрэтспаркен (дат. Idrætsparken) стадионының орнына салынды. Алғашқы матч 1992 жылдың 9 қыркүйегінде (Дания мен Германияның арасында) ойнатылды.

Стадионда көптеген спорттық және спорттық емес шаралар өткізіледі. Стадионның қонақтары Tiësto, Depeche Mode, The Rolling Stones, Селин Дион, U2, Джордж Майкл, Эрик Клэптон, Pink Floyd, Metallica және т.б. әлем жұлдыздары болған. 2001 жылы стадион Eurovision ән байқауының бас алаңы болған.

Футболға қатысу рекорды: 42 099 (Дания - Грекия, 1-0, 2005, 8 қазан); концерттер: 60,000 (HIStory World Tour, 1997 ж. 14 тамыз)[1]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Телия Паркен.